Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра скотомогильников (биотермических ям)

Бұйрық · № 35 · қабылданған 03.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139349/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра скотомогильников (биотермических ям) Қолданыста Бұйрық ·№ 35 ·03.02.2020
02.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра скотомогильников (биотермических ям)

Қолданыста Бұйрық ·№ 35 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра скотомогильников (биотермических ям)
Атауы (қаз.)
Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
35
Қабылданған күні
03.02.2020
Көрсетілген редакция
02.12.2024 139349_732599.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019987
ЭКБ идентификаторы
139349
Редакция идентификаторы
139349_732599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:10

0 Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың)

тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті

0 Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
20__ жылғы «___» ______
№ _____ бұйрығымен бекітілген
Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары

8 1 – тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2

2. Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректердің (мәліметтердің) негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ведомство) жүргізеді.
Тізілімде объектінің орналасқан жерінің (тұрған жерінің) әкімшілік-аумақтық бірлігі (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала, ауылдық округ, елді мекен және басқалар), ағымдағы жай-күйі (жұмыс істейді немесе жұмыс істемейді), координаттары, түрі, мөлшері, объектінің баланс ұстаушысы (меншік иесі) көрсетіле отырып, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), сібір жарасы көмінділері туралы деректер (мәліметтер) көрсетіледі.

2 2-тарау. Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу тәртібі

3 3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімге енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) ұсынады.

4 4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) талдайды және жинақтайды.

5

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары 10 жұмыс күні ішінде Ведомствоға Тізілімде қамтылған объектілер туралы деректердің (мәліметтердің) қалыптастырылуына, енгізілуіне, түзетілуіне, жаңа объектілердің салынуына, табылуына қарай тиісті деректер (мәліметтер) жібереді.

6 6. Ведомство мал қорымдарына әріптерден және цифрлық символдардан (символдар бір-бірімен қиғаш сызықпен бөлінеді) тұратын нөмір бере отырып әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) Тізілімге енгізеді:

бірінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;
екінші және үшінші символдар – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
төртінші-сегізінші символдар – Тізілімдегі реттік нөмір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша).
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес енгізіледі.
Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) нөмірлеу кезінде екінші және үшінші символдарда нөлдер көрсетіледі.

7 7. Ведомство Тізілімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

1 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Мал қорымдарының
(биотермиялық шұңқырлардың)
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған
Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі
Әкімшілік деректер нысанының индексі: нысан 1-см
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20___жылғы «__» _________
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды).
Жинау әдісі: электронды түрде.
1-бөлім. _____________________________________________________
бойынша мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректер (мәліметтер)
р/с №
1
Об­лы­стың, аудан­ның, ауыл­дық округ­тің ата­уы
Мал қо­ры­мы­ның (био­тер­ми­я­лық шұң­қыр­дың) нө­мі­рі
Мал қо­ры­мы­ның (био­тер­ми­я­лық шұң­қыр­дың) ти­пі (при­ми­тив­ті неме­се үл­гі­лік)
Мал қо­ры­мы­ның (био­тер­ми­я­лық шұң­қыр­дың) кө­ле­мі (ала­ңы)
(шар­шы метр­лер)
Ко­ор­ди­натта­ры
Ағым­да­ғы жай-күйі (жұ­мыс іс­тей­ді неме­се жұ­мыс іс­те­мей­ді)
Ба­ланс
Ұстаушы (мен­шік ие­сі)
сол­тү­стік
ен­дік
шы­ғыс бой­лық
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
2
Жиы­ны:
2-бөлім._____________________________________________________
бойынша сібір жарасы көмінділері туралы деректер (мәліметтер)
р/с №
Об­лы­стың, аудан­ның, ауыл­дық округ­тің ата­уы
Сі­бір жа­ра­сы кө­мін­ді­ле­рі­нің нө­мі­рі
То­пы­рақ­тың және
өсім­дік­тің си­па­ты
Сі­бір жа­ра­сы кө­мін­ді­ле­рі­нің кө­ле­мі (ала­ңы) (шар­шы метр­лер)
Ко­ор­ди­нат­та­ры
объ­ек­ті­нің си­патта­ма­сы
Ба­ланс ұста­у­шы (мен­шік ие­сі)
сол­тү­стік
ен­дік
шы­ғы­с­бой­лық
қор­шау
ай­ы­рым бел­гі­ле­рі
мем­ле­кет­тік жер ка­даст­ры­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зіл­ді
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
2
Жиы­ны:
Ескертпе:
«Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген
Атауы __________________________ Мекенжайы _______________________
Телефоны _________________________________________________________
Электрондық почтаның мекенжайы ___________________________________
Орындаушы _____________________________________ __________________
(аты және әкесінің аты (бар болса), тегі) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
________________________________________________ __________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі қолы
Мөрдің орны

18 «Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 1-см, кезеңділігі: тоқсан сайын)

«Мал қорымдарының
(биотермиялық шұңқырлардың)
тізілімі» әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(индексі: 1-см, кезеңділігі: тоқсан сайын)

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанға басшы не тегі мен аты-жөнін көрсете отырып оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

3 3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

4 4. 1-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

5 5. 1-бөлімнің 2-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына (ӘАОС) сәйкес облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы көрсетіледі.

6 6. 1-бөлімнің 3-бағанында есепті кезеңдегі мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) нөмірі көрсетіледі.

7 7. 1-бөлімнің 4-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) типі көрсетіледі.

8 8. 1-бөлімнің 5-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) көлемі (шаршы метрлер) көрсетіледі.

9 9. 1-бөлімнің 6 және 7-бағандарында координаттар (ендік, бойлық) көрсетіледі.

10 10. 1-бөлімнің 8-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.

11 11. 1-бөлімнің 9-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) баланс ұстаушысы көрсетіледі.

12 12. 2-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

13 13. 2-бөлімнің 2-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына (ӘАОС) сәйкес облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы көрсетіледі.

14 14. 2-бөлімнің 3-бағанында есепті кезеңдегі сібір жарасы көмінділерінің нөмірі көрсетіледі.

15 15. 2-бөлімнің 4-бағанында топырақ пен өсімдіктердің сипаты көрсетіледі.

16 16. 2-бөлімнің 5-бағанында сібір жарасы көмінділерінің көлемі (шаршы метрлер) көрсетіледі.

17 17. 2-бөлімнің 6 және 7-бағандарында координаттар (ендік, бойлық) көрсетіледі.

18 18. 2-бөлімнің 8, 9 және 10-бағандарында сібір жарасы көмінділерінің сипаттамасы (қоршау, айырым белгілері, мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу) көрсетіледі.

19 19. 2-бөлімнің 11-бағанында сібір жарасы көмінділерінің баланс ұстаушысы көрсетіледі.

Қолданыстағы