Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 03.02.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2021 139377_518323.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GI004500
- ЭКБ идентификаторы
- 139377
- Редакция идентификаторы
- 139377_518323
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:10
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 124 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 02 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Имашев Ерлан Оспанбекұлына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Сарысу ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 ақпаны № 26
қаулыға қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)
1
2
3
4
5
1
«Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Абылайхан атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
96
2 %
2
2
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімшесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
99
2 %
2
3
4
5
6
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
83
2 %
1
7
«Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының «Айгөлек» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
79
2 %
1