Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы М.Маметовой в селе Шолаккорган, сельского округа Шолаккорган Созакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы М.Маметовой в селе Шолаккорган, сельского округа Шолаккорган Созакского района
- Атауы (қаз.)
- Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылындағы М.Маметова көшесі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 31.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2020 139378_453114.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ULA05390
- ЭКБ идентификаторы
- 139378
- Редакция идентификаторы
- 139378_453114
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:11
0 Созақ ауданы Шолаққорған
ауылдық округі, Шолаққорған
ауылындағы М.Маметова көшесі
аумағына шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының, 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясының 30 қаңтар 2020 жылғы №02-05/18 ұсынысы негізінде, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылындағы М.Маметова көшесінің тұрғыны Тұрғанбаев Даурен Берікұлын тістеген бір бас иттің бас миының сынамасы «құтырық» ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Шолаққорған ауылындағы М.Маметова көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. «Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;