Об установлении ограничительных мероприятий на улице М.Әуезова в населенном пункте Дербисек сельского округа Дербисек Сарыагашского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на улице М.Әуезова в населенном пункте Дербисек сельского округа Дербисек Сарыагашского района
- Атауы (қаз.)
- Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі Дербісек елді мекенінің М.Әуезов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 04.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 139385_450669.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UKL05393
- ЭКБ идентификаторы
- 139385
- Редакция идентификаторы
- 139385_450669
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:09
0 Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі Дербісек елді мекенінің М.Әуезов көшесіне шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қаңтардағы №02-05/19 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекені, М.Әуезов көшесі №68 мекен жайдағы үйде тұратын Б.Алиевтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты М.Әуезов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. «Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;