О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Тупкараганского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Тупкараганского района
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 03.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2020 139396_442645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MF004130
- ЭКБ идентификаторы
- 139396
- Редакция идентификаторы
- 139396_442645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:10
0 Түпқараған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түпқараған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Кенжалиев) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Түпқараған ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 15 қаулысына қосымша
Түпқараған ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №295 «Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2549 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2
2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №56 «Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2696 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3
3. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №100 «Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2728 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4
4. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №108 «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2738 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
5
5. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №109 «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2741 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
6
6. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №111 «Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2740 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
7
7. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №227 «Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №100 «Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2848 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
8
8. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №289 «Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2970 болып тіркелген, 2016 жылы 25 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
9
9. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №1 «Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2976 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
10
10. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №61 «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3034 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
11
11. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №62 «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3035 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
12
12. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №64 «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3017 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).