О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 05.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2020 139418_442911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0005992
- ЭКБ идентификаторы
- 139418
- Редакция идентификаторы
- 139418_442911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:08
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 5 ақпаны № 20 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысы (2016 жылғы 11 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелді).
2
2. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 шілдедегі № 266 қаулысы (2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 болып тіркелді).
3
3. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 02 тамыздағы № 222 қаулысы (2019 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5525 болып тіркелді).
4
4. «Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 05 қарашадағы № 284 қаулысы (2019 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5639 болып тіркелді).