Құжат мәтініне өту

О присвоении наименовании улицам

Өзге акт · № 06 · қабылданған 06.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139463/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О присвоении наименовании улицам Қолданыста Өзге акт ·№ 06 ·06.02.2020
06.02.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименовании улицам

Қолданыста Өзге акт ·№ 06 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименовании улицам
Атауы (қаз.)
Көшелерге атау беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
06
Қабылданған күні
06.02.2020
Көрсетілген редакция
06.02.2020 139463_443162.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UPL05404
ЭКБ идентификаторы
139463
Редакция идентификаторы
139463_443162
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:06

0 Көшелерге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мақталы ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

1 1) Чехов елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ырысты атауы;

2 2) Алтынсарин елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жемісті атауы;

3 3) Дархан елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Алатау атауы;

4 4) Дархан елді мекені атауы жоқ көшеге - Отан атауы;

5 5) Дархан елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Наурыз атауы;

6 6) Сарқырама елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Егемен атауы;

7 7) Жібек жолы елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Нұрлы жол атауы;

8 8) Жайлаукөл елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Еңбекші атауы;

9 9) Шолпанқұдық елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Тәуелсіздік атауы;

10 10) Алмалы елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жетіқазына атауы;

2 2. «Мақталы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы