Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сельского округа имени Мариям Хәкімжановой Алтынсаринского района Костанайской области

Ереже · № 285 · қабылданған 16.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139468/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сельского округа имени Мариям Хәкімжановой Алтынсаринского района Костанайской области Қолданыста Ереже ·№ 285 ·16.01.2020
26.09.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сельского округа имени Мариям Хәкімжановой Алтынсаринского района Костанайской области

Қолданыста Ереже ·№ 285 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сельского округа имени Мариям Хәкімжановой Алтынсаринского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округтің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
285
Қабылданған күні
16.01.2020
Көрсетілген редакция
26.09.2022 139468_594816.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NE008964
ЭКБ идентификаторы
139468
Редакция идентификаторы
139468_594816
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:20

0 Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округтің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3

3. Мәслихаттың «Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаков ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 223 шешімінің (2014 жылғы 22 тамызда аудандық «Таза бұлақ – Чистый родник» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4983 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2020 жылғы 16 қаңтардағы
№ 285 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2 Бөлім. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

22 Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2020 жылғы 16 қаңтардағы
№ 285 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің Щербаков ауылының тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің Сатай ауылының тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің Басбек ауылының тұрғындары үшін
1
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің Қосқұдық ауылының тұрғындары үшін
1

Қолданыстағы