Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Өзге акт · № 425 · қабылданған 17.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139536/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Күшін жойған Өзге акт ·№ 425 ·17.01.2020
23.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Күшін жойған Өзге акт ·№ 425 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Атауы (қаз.)
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
425
Қабылданған күні
17.01.2020
Көрсетілген редакция
23.06.2020 139536_468734.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20R0001606
ЭКБ идентификаторы
139536
Редакция идентификаторы
139536_468734
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:19

0 Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер

және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2 2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Б. Қасымовқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

шешіміне қосымша
Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1

1. Осы Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт әрi қарусыз жиналу, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2 2. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келісілген жерде өткiзiледi.

3 3. Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары болып келесі аумақтар белгіленсін:

1 1) «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы гүлзар;

2 2) Махатма Ганди атындағы саябақ.

4

4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш Алматы қаласының әкімдігіне беріледі.

Қолданыстағы