О присвоении наименовании улицам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименовании улицам
- Атауы (қаз.)
- Көшелерге атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 10.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2020 139541_443421.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UPK05412
- ЭКБ идентификаторы
- 139541
- Редакция идентификаторы
- 139541_443421
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:03
0 Көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылқұм ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
1 1) Первомайское елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Алаш атауы;
2 2) Первомайское елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге -Түркістан атауы;
3 3) Қызылту елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Едіге атауы;
4 4) Қызылқұм елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Күлтегін атауы;
2 2. «Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;