Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат

Қаулы · № 49 · қабылданған 11.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139542/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат Қолданыста Қаулы ·№ 49 ·11.02.2020
11.02.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат

Қолданыста Қаулы ·№ 49 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат
Атауы (қаз.)
Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
49
Қабылданған күні
11.02.2020
Көрсетілген редакция
11.02.2020 139542_443350.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20C0006811
ЭКБ идентификаторы
139542
Редакция идентификаторы
139542_443350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:03

0 Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен

өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормалары бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2020 жылғы 11 ақпандағы
№ 49
қаулысымен бекітілген
Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындар нормалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін мен өкілдік шығындардың нормалары (әрі қарай – Тәртіп) жергілікті бюджет есебінен қаражатты өкілдік шығындарға пайдалану тәртібін мен өкілдік шығындардың нормаларын айқындайды.

2 2. Өкілдік шығындар – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге бөлінетін қаражат.

Өкiлдік шығындарға:

1 1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жайды жалға алу;

2 2) ресми таңғы ас, түскi ас, кешкi ас, фуршеттер;

3 3) аудармашылардың қызметтері;

4 4) автокөлiкпен қызмет көрсету жатады.

2 2-тарау. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі

3

3. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен құрастырылған, «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісілген және өкілдік шығындардың нормаларын есепке ала отырып, облыс әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Өкілдік шығындарға қажеттілік, көрсетілген шығындарды жүзеге асырудың қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелерінің негізінде жүктелген функциялар мен уәкілеттіліктерін орындауды ескере отырып, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен айқындалады.

5 5. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өкілдік шығындар үшін қаражат бөлуде келесі құжаттардың болуы негіз болып табылады:

1 1) іс-шараны өткізу қажеттігінің негіздемесі;

2 2) ресми делегация келуінің бағдарламасы;

3 3) іс-шара жоспары;

4 4) қатысушылар саны туралы деректер;

5

5) өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес шығындардың әрбір бабы бойынша есептерімен шығыстар сметасы және шығындар көлемін растайтын құжаттар (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құнын көрсету арқылы шығындар калькуляциясы, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын ұйымдардың деректемелері, прайс-парақтар және өзге де құжаттар);

6 6) шығындар сметасы бойынша «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорытындысы.

6 6. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі іс-шара өткізілгеннен кейін

10 күнтізбелік күн ішінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бірінші басшының (оны ауыстыратын тұлғаның) қолтаңбасымен өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

1 1) іс-шараны өткізу үшін негіздеме, осы Тәртібінің 5-тармағы, 2) және

4 4) тармақшаларында қарастырылған шығыстар сметасы мен құжаттар;

2 2) қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;

3 3) шығыстар сметасы бойынша нақты шығындарды растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген түбіртектер, есепшот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері).

7 Өкілдік шығындардың нормалары

7. Өкілдік шығындар осы Тәртіпке қосымшада көрсетілген өкілдік шығындардың нормалары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Қаражатты пайдалану тәртібіне, өкілдік етуге көзделген шығындар және өкілдік шығындар нормаларына
қосымша
Өкілдік шығындардың нормалары
р/с

Өкіл­дік шы­ғын­дар­дың ата­уы
Құ­ны, тең­ге­мен
1
2
3
1
Іс-ша­ра­лар­ды өт­кi­зу үшiн қа­ты­су­шы­лар­дың са­ны­на қа­ты­сты
200-ге дей­ін отыр­ғы­зу ор­ны­мен үй-жай­ды жал­ға алу
1000 000 дей­ін
2
Ре­сми қа­был­да­у­лар­ды өт­кізу­ге шы­ғын­дар (таң­ғы ас, түс­кі ас, кеш­кі ас) кү­ніне бір адам есе­бі­нен де­ле­га­ци­я­лар үшін жүр­гі­зі­ле­ді
10 000 дей­ін
3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті па­ла­та­ла­ры тө­ра­ға­ла­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік хат­шы­сы­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі орын­ба­са­ры­ның қа­ты­суы­мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік Хат­та­ма­сын­да қа­рас­ты­ры­л­ған қа­был­да­у­лар­ды өт­кізу­ге шы­ғын­дар (таң­ғы ас, түс­кі ас, кеш­кі ас), кү­ніне бір адам­ға ар­нал­ған есеп бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді
30 000 дей­ін
4
Ке­ліс­сө­здер, мә­де­ни бағ­дар­ла­ма іс-ша­ра­ла­ры ке­зін­де бір күн­де бір адам­ға, аудар­ма­шы мен бір­ге еріп жүр­ген тұ­лға­лар­ды қо­са ал­ған­да, фур­шет­тер
1040 дей­ін
5
Де­ле­га­ци­я­ны қар­сы ала­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­ның шта­тын­да жоқ аудар­ма­шы­ның ең­бе­ка­қы­сын тө­леу, са­ғат сай­ын­ғы негіз­де жүр­гі­зі­ле­ді
500 дей­ін
6
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен де­ле­га­ци­я­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге кө­лік шы­ғын­да­рын тө­леу, са­ғат сай­ын­ғы негіз­де қа­рас­ты­ры­ла­ды
700 дей­ін
Ескерту:

1 1. Ресми қабылдаулар кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылар саны шетел делегациясы тарапынан қатысушылар санынан аспауы тиіс.

2 2. Делегация құрамы бес адамнан жоғары болса, еріп жүргендер мен қызмет көрсететін аудармашылар саны (синхронды аудармашыдан басқа) делегацияның кем дегенде бес мүшесіне бір еріп жүрген немесе бір аудармашы есебінен белгіленеді.

Қолданыстағы