Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № А-2/31 · қабылданған 12.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139548/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ А-2/31 ·12.02.2020
12.02.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ А-2/31 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-2/31
Қабылданған күні
12.02.2020
Көрсетілген редакция
12.02.2020 139548_443447.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20BR007675
ЭКБ идентификаторы
139548
Редакция идентификаторы
139548_443447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:02

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Шортанды ауданының Бозайғыр, Дамса, Раевка ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан «АNT Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 33,18 гектар жер учаскелерін алып қоймастан қырық сегіз (48) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «АNT Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ.Н. Орынбасаровқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Шортанды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «____»_______
№ _______ қаулысына
қосымша
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесінің орналасқан жері
Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар
Жер санаты
1
Бозайғыр ауылдық округінің әкімшілік шекаралары
19,15
Темір жол көлігінің жерлері
2
Дамса ауылдық округінің әкімшілік шекаралары
12,08
Темір жол көлігінің жерлері
3
Раевка ауылдық округінің әкімшілік шекаралары
1,95
Темір жол көлігінің жерлері
Барлығы
33,18

Қолданыстағы