Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Қаулы · № 17 · қабылданған 03.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139580/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки Күшін жойған Қаулы ·№ 17 ·03.02.2020
18.05.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Күшін жойған Қаулы ·№ 17 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
03.02.2020
Көрсетілген редакция
18.05.2021 139580_524996.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NR008972
ЭКБ идентификаторы
139580
Редакция идентификаторы
139580_524996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:10

0

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Аудан әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 28 маусымдағы № 192 қаулысы (2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7959 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Әкімдіктің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 17 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық аурухананың басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

3 3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

4 4) акушер;

5 5) диеталық мейіргер;

6 6) тіс дәрігері (дантист);

7 7) мейірбике (мейіргер);

8 8) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

9 9) зертханашы (медициналық);

10 10) провизор (фармацевт);

11 11) психолог маман;

12 12) рентген зертханашысы;

13 13) әлеуметтік қызметкер;

14 14) фельдшер;

15 15) медициналық тіркеуші.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

4 4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

5 5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

6 6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

7 7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

3 3. Білім мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымнан, әдістемелік кабинетінен (орталықтан) басқа;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;

5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);

6 6) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

7 7) әлеуметтік педагог;

8 8) қосымша білім беретін педагог;

9

9) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі; педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);

10 10) зертханашы;

11 11) психолог;

12 12) тәрбиелеуші;

13 13) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

14 14) тәлімгер;

15 15) әдіскер (негізгі қызметтердің);

16 16) әдістемелік кабинеттің әдіскері;

17 17) мейірбике (мейіргер);

18 18) логопед;

19 19) емдәмдік мейірбике;

20 20) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

21 21) хореограф (негізгі қызметтердің);

22 22) кітапханашы.

4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның концерттік зал меңгерушісі (басшысы);

5 5) музыкалық жетекші;

6 6) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

7 7) хореограф;

8 8) дыбыс режиссері;

9 9) режиссер;

10 10) қоюшы режиссер;

11 11) аккомпаниатор;

12 12) концертмейстр;

13 13) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

14 14) кітапханашы;

15 15) библиограф;

16 16) редактор (негізгі қызметтер);

17 17) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

18 18) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.

5 5. Спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) әдіскер;

4 4) жаттықтырушы-оқытушы;

5 5) (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

Қолданыстағы