Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

Өзге акт · № 27-151-VI · қабылданған 07.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139594/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Қолданыста Өзге акт ·№ 27-151-VI ·07.02.2020
07.02.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

Қолданыста Өзге акт ·№ 27-151-VI · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Атауы (қаз.)
Жетісай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27-151-VI
Қабылданған күні
07.02.2020
Көрсетілген редакция
07.02.2020 139594_443529.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UP005413
ЭКБ идентификаторы
139594
Редакция идентификаторы
139594_443529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:05

0

Жетісай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жетісай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №10-50-VI «Жетісай ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2019 жылғы 31 қаңтарда №4897 нөмiрiмен тiркелген және 2019 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3 3. «Жетісай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

Жетісай аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
7 ақпандағы №27-151-VI
шешімімен бекітілген
Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1

1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.

3 3. Әлеуметтік қолдау (бұдан әрі-коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау) жылына бір рет беріледі.

4

4. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету бюджет қаражаты есебінен, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына 2 АЕК (екі айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде көрсетіледі.

5 5. Әлеуметтік қолдауды тағайындау  уәкілетті органмен мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде жүзеге асырады.

6 6. Әлеуметтік көмек:

1 1)  Жетісай ауданынан тыс ауылдық жерде тұру;

2 2) негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымдарын қоса атқару;

3 3) әлеуметтік қолдауға құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеу;

4 4) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған кезде, жыл ішінде екінші рет жүгіну  жағдайларында көрсетілмейді.

Қолданыстағы