Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Жетысайского района

Қаулы · № 81 · қабылданған 07.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139595/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Жетысайского района Қолданыста Қаулы ·№ 81 ·07.02.2020
07.02.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Жетысайского района

Қолданыста Қаулы ·№ 81 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Жетысайского района
Атауы (қаз.)
Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
81
Қабылданған күні
07.02.2020
Көрсетілген редакция
07.02.2020 139595_443535.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UP005414
ЭКБ идентификаторы
139595
Редакция идентификаторы
139595_443535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:05

0 Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбековке жүктелсін.

8 Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Жетісай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «___» қаңтардағы
№___ қаулысына қосымша
Жетісай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекеннің атауы
Орналасатын орны
1
Жетісай қаласы
С.Қожанов көшесі, «Sinooil» жанар-жағар май құю бекеті мен «Табиғат» салтанат сарайы арасы
2
Жетісай қаласы
Ескендіров және Нарбаев көшелерінің қиылысы
3
Жетісай қаласы
Амангелді көшесі, «Дарын» мектеп-интернатының алды
4
Асықата кенті
Абылқасымов көшесінің бойында, «№15» колледжінің алды
5
Қызылқұм ауылдық округі, Түркебай ауылы
Абай және Базар көшелерінің қиылысы
6
Жылы су ауылдық округі, Жылы су елді мекені
Ақжол көшесі бойында

Қолданыстағы