О ратификации Протокола о запрещении применения на войне удушающих, ядовитых или других подобных газов и бактериологических средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о запрещении применения на войне удушающих, ядовитых или других подобных газов и бактериологических средств
- Атауы (қаз.)
- Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 301-VI
- Қабылданған күні
- 13.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2020 139615_523031.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2000000301
- ЭКБ идентификаторы
- 139615
- Редакция идентификаторы
- 139615_523031
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:01
0 Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
1925 жылғы 17 маусымда Женевада жасалған Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге
қоса тіркелген халықаралық
Хаттаманың мәтіні ресми болып
табылмайды. ҚР халықаралық
Хаттамасының жасасқан тілдердегі
ресми куәландырылған көшірмесін ҚР
халықаралық Хаттамаларын тіркеуге,
есептеуге және сақтауға жауапты
ҚР Сыртқы істер министрлігінен
алуға болады
Бейресми аударма
Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы
ХАТТАМА
Өздерінің тиісті Үкіметтерінің атынан төменде қол қойған Уәкілеттік берілгендер:
Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдарды, сол сияқты түрлі ұқсас сұйықтықтарды, заттар мен процестерді соғыста қолдануды өркениетті әлемнің қоғамдық пікірі әділетті түрде айыптады деп есептей отырып; және
Оларды қолдануға тыйым салу әлем державаларының көпшілігі қатысушылары болып табылатын шарттарда тұжырымдалды деп есептей отырып; және
Осы тыйым салуды сол сияқты халықтың ар-ожданы мен практикасы үшін міндетті халықаралық құқыққа енгізілген деп жаппай тану мақсатында;
МЫНАЛАРДЫ МӘЛІМДЕЙДІ:
Осы қолдануға тыйым салатын шарттардың қатысушылары болып табылмайтындықтан, Жоғары уағдаласушы тараптар бұл тыйым салуды таниды, осы тыйым салуды соғыс жүргізудің бактериологиялық құралдарына қолдануға келіседі және өздерін бір-біріне қатысты осы мәлімдеменің шарттарымен байланысты деп есептеуге уағдаласады.
Жоғары Уағдаласушы Тараптар басқа мемлекеттердің осы Хаттамаға қосылуына түрткі болуға өздерінің барлық күш-жігерін жұмсайды. Осы қосылу туралы - Француз Республикасының Үкіметі, ал соңынан барлық қол қойған және қосылған державалар хабардар етіледі. Қосылу Француз Республикасының Үкіметі хабардар еткен күннен бастап жүргізіледі.
Француз және ағылшын мәтіндері теңтүпнұсқалы деп есептелетін осы Хаттама мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде ратификацияланады. Оған сол күнгі дата қойылады.
Осы Хаттаманың ратификациялау грамотасы Француз Республикасының Үкіметіне жіберіледі, ол әрбір қол қойған немесе қосылған державаны мұндайдың сақтауға қабылданғаны туралы дереу хабардар етеді.
Осы Хаттамаға ратификациялау грамоталары және қосылу туралы құжаттар Француз Республикасы Үкіметінің архивтерінде сақталатын болады.
Осы Хаттама әрбір қол қойған держава үшін ратификациялау грамотасы сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді және осы кезден бастап әрбір держава өздерінің ратификациялау грамоталарын тапсырып қойған басқа да державаларға қатысты байланысты болады.
Осыны куәландыру үшін Уәкілеттік берілгендер осы Хаттамаға қол қойды.
Бір мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылғы он жетінші маусымда Женевада бір данада жасалды.
Осыны куәландыру үшін өкілетті өкілдер осы Хаттамаға қол қойды
Германия үшін
Америка Құрама Штаттары үшін
Австрия үшін
Бельгия үшін
Бразилия үшін
Британ империясы үшін
Канада үшін
Ирландияның Еркін Мемлекеті үшін
Үндістан үшін
Болгария үшін
Чили үшін
Қытай үшін
Колумбия үшін
Дания үшін
Египет үшін
Испания үшін
Эстония үшін
Абиссиния үшін
Финляндия үшін
Франция үшін
Греция үшін
Венгрия үшін
Италия үшін
Жапония үшін
Латвия үшін
Литва үшін
Люксембург үшін
Никарагуа үшін
Норвегия үшін
Панама үшін
Нидерланды үшін
Персия үшін
Польша үшін
Португалия үшін
Румыния үшін
Сальвадор үшін
Сиам үшін
Швеция үшін
Швейцария үшін
Сербтар, Хорваттар және Словендықтар Корольдігі үшін
Чехословакия үшін
Түркия үшін
Уругвай үшін
Венесуэла үшін