Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений, закрепленных за государственными организациями среднего образования

Бұйрық · № 65 · қабылданған 18.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139691/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений, закрепленных за государственными организациями среднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 65 ·18.02.2020
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений, закрепленных за государственными организациями среднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 65 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений, закрепленных за государственными организациями среднего образования
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
65
Қабылданған күні
18.02.2020
Көрсетілген редакция
30.04.2025 139691_761528.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020050
ЭКБ идентификаторы
139691
Редакция идентификаторы
139691_761528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:59

0 Мемлекеттік орта білім беру

ұйымдарына бекітілген
дене шынықтыру-сауықтыру
және спорт құрылысжайларын
мүліктік жалдауға (жалға) беру
қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 18 ақпаны
№ 65 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларға бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының (бұдан әрі – объектілер) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Объектілерді жалдаушы (жалға алушы) болып жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар әрекет етеді.

3 3. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру сабақтан тыс және каникул уақытында мынадай нысаналы бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады:

1 1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту);

2 2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.

2 2-тарау. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі

1 § 1. Объектілерді беруге дайындау

4 4. Мемлекеттік орта білім беру ұйымы объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісіндегі интернет-ресурста мынадай ақпаратты қамтитын хабарландыру орналастырады:

1 1) объектінің атауын, санын, өлшем бірлігін, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін көрсете отырып, объект туралы мәліметті;

2 2) объектінің баланс ұстаушысы туралы мәліметті (пошта мекенжайы, телефон, факс, электронды пошта адресі).

Хабарландыруды орналастыру мерзімін мемлекеттік орта білім беру ұйымы дербес анықтайды.

5 5. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) алуға үміткер жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

Өтінім www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста объектінің атауы, оның баланс ұстаушысы, сондай-ақ мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса берілген объектіге деген қажеттілік негіздемесі көрсетіле отырып, электрондық нысанда ресімделеді:

1 1) мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

2 2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш беруші жіберген хабарламалар туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкер үшін).

2 § 2. Өтінімдерді қарау және оларды қарау нәтижелерін ресімдеу

6 6. Мемлекеттік орта білім беру ұйымы өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттарды олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кезектілік тәртібімен қарайды.

Әр өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

1 1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;

2 2) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы, соның ішінде мына жағдайларда:

Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
Қағидалардың 3-тармағында көзделген объектіні берудің нысаналы бағыттарына сәйкес келмеу;
бұрын қаралған өтінім бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдау.

7 7. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.

8

8. Мемлекеттік орта білім беру ұйымының объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешімі объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға негіз болып табылады. Аталған шарт жасалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурста тіркелуі тиіс.
Кемінде бір жыл мерзімге жасалған объектіні мүліктік жалдау (жалға алу) шартын құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеу жалдаушының (жалға алушының) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3 § 3. Объектіні беру

9 9. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, онда мыналар көрсетіледі:

1 1) оның жасалған орны мен күні;

2 2) өкілдерге тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік беретін құжаттардың атауы мен деректемелері;

3 3) объектіні қабылдауды және беруді жүзеге асыруға негіз болатын шарттың нөмірі мен оған қол қойылған күн;

4 4) берілетін объектінің атауы, оның орналасқан жері, техникалық сипаттамалары және анықталған ақаулықтар тізбесі қоса берілген жай-күйі.

Қабылдау-беру актісі қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалады және қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста тіркелуі тиіс.

10 10. Объектіні қосалқы жалгерлікке беруге рұқсат етілмейді.

11 11. Объектіні оның нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз күйге жеткізген жалдаушы (жалға алушы) өз қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады.

12 12. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары жалдау (жалға алу) ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде

2015 жылы 17 наурызда № 10467 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында белгіленген базалық мөлшерлемелерді және қолданыстағы коэффициенттердің мөлшерлерін басшылыққа алады.

1.1 Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге ӨТІНІМ

Мемлекеттік орта білім
беру ұйымдарына бекітілген
дене шынықтыру-сауықтыру және
спорт құрылысжайларын мүліктік
жалдауға (жалға) беру
қағидаларына қосымша
нысан
Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге
ӨТІНІМ
1. www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста жарияланған мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратпен, Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Республикалық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасында белгіленген жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу шарттарымен таныса отырып,
_______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе мемлекеттік емес заңды
тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін
заңды тұлға өкілінің аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)
төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді.
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объекті туралы мәлімет:
Мү­лік­тік жал­да­у­ға (жал­ға алу­ға) бе­рі­ле­тін объ­ек­ті­нің ата­уы
Мү­лік­тік жал­да­у­ға (жал­ға алу­ға) бе­рі­ле­тін объ­ек­ті­ні жал­да­у­ға (жал­ға алу­ға) бе­ру­ші­нің ата­уы және де­ректе­ме­ле­рі
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объекті__________________
______________________________________________ үшін талап етіледі.
(объектіге деген қажеттілік негіздемесі көрсетіледі)
2. Өзім(-із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-з):
Заңды тұлға үшін:
Атауы ______________________________________________________________
БСН ________________________________________________________________
басшысының аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________
____________________________________________________________________
Мекенжайы:_________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________
Шарт жасасу үшін банк деректемелері:
ЖСК ________________________________________________________________
Банктің атауы ________________________________________________________
Кбе _________________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) __________________________________________________________________;
2) __________________________________________________________________;
3) __________________________________________________________________;
4) __________________________________________________________________.
Жеке тұлға үшін:
аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________
ЖСН ________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттар____________________________________
Мекенжайы:_________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________
Шарт жасасу үшін банк деректемелері:
ЖСК________________________________________________________________
БСК ____ ____________________________________________________________
Банктің атауы ________________________________________________________
Кбе _________________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) __________________________________________________________________;
2) __________________________________________________________________;
3) __________________________________________________________________.
(қолы) жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет
ететін заңды тұлға өкілінің аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)
20 __ жылғы "___" ____________
www.gosreestr.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста, 20 __ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минутта қабылдады.

Қолданыстағы