Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Қаулы · № 22 · қабылданған 13.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139702/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации Күшін жойған Қаулы ·№ 22 ·13.02.2020
18.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Күшін жойған Қаулы ·№ 22 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации
Атауы (қаз.)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
13.02.2020
Көрсетілген редакция
18.02.2021 139702_511199.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SE006020
ЭКБ идентификаторы
139702
Редакция идентификаторы
139702_511199
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:02

0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 қаулысы (2019 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген);

2

2) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қантардағы №21 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 84 қаулысы (2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5335 болып тіркелген).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2020 жылғы 13 ақпаны
№ 22 қаулысына
қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Белгіленген квотаға (адам)сәйкес жұмыс орындарының саны
«Nordagra» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2%
1
«Ишим-Гарант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2%
1

Қолданыстағы