О переименовании улиц села Алтынбел, Майемер, Егынды Алтынбельского сельского округа Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц села Алтынбел, Майемер, Егынды Алтынбельского сельского округа Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округінің Алтынбел, Майемер, Егінді ауылдарының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 24.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2020 139814_445547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VMJ06738
- ЭКБ идентификаторы
- 139814
- Редакция идентификаторы
- 139814_445547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:55
0 Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел
ауылдық округінің Алтынбел, Майемер, Егінді
ауылдарының көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 - бабы 4) тармақшасына, Алтынбел ауылдық округі халқының пікірін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 03-18/805 қорытындысын ескере отырып, Алтынбел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округі Алтынбел ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1 1) «Береговая» көшесі «Бастау» көшесіне;
2 2) «Березовая» көшесі «Қайыңды» көшесіне;
3 3) «Коммуна» көшесі «Нарын» көшесіне;
4 4) «Строительная» көшесі «Теректі» көшесіне.
2 2. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округінің Майемер ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
1 1) «Молодежная» көшесі «Бейсенбі Кәрібаев» көшесіне.
3 3. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округінің Егінді ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1 1) «Центральная» көшесі «Василий Спирин» көшесіне;
2 2) «Школьная» көшесі «Мектеп» көшесіне;
3 3) «Молодежная» көшесі «Жастар» көшесіне.
4 4. «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық
округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он
күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Катонқарағай
ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.