Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 35 · қабылданған 27.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139884/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 35 ·27.02.2020
05.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 35 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35
Қабылданған күні
27.02.2020
Көрсетілген редакция
05.08.2021 139884_534548.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SD006052
ЭКБ идентификаторы
139884
Редакция идентификаторы
139884_534548
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:53

0 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 08 мамырдағы № 125 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 болып тіркелген).

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептелмегенде, жұмыс орындары мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 ақпаны № 35
қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептелмегенде, жұмыс орындары мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

р/н
Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны(адам)
1
«Талшық Астық Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
65
2 %
1
2
«Ақ-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
55
2%
1

Қолданыстағы