О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 27.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2020 139885_446393.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006051
- ЭКБ идентификаторы
- 139885
- Редакция идентификаторы
- 139885_446393
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:52
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп таналсын:
«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыда осал объектілер тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 21 қарашадағы № 460 (2017 жылғы 12 желтоқсан Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4414 болып тіркелді);
«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 460 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 6 қарашадағы № 317 (2018 жылғы 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелді).
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратаның басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
полиция департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ М. Төлебаев
2020 жылғы «___»___________
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ А. Каримуллин
2020 жылғы «___»____________