Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08/01
- Қабылданған күні
- 26.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2021 139904_532843.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KD005715
- ЭКБ идентификаторы
- 139904
- Редакция идентификаторы
- 139904_532843
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:54
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы №12/05 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5249 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 ақпандағы №17 (12811) «Балқаш өңірі» және №18 (1804) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 1 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау саланы қадағалаушы қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
Балқаш қаласының әкімдігі
2020 жылғы 26 ақпаны
№ 08/01
қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(%) қызметкерлердің тізімдік санынан
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
62
2
1
2
«А.Мусин атындағы Балқаш қаласының гуманитарлық-техникалық колледжі » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
141
3
4
3
«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
55
2
1
4
«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
2
1
5
«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таңшолпан» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
75
2
1
6
«Балқаш сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
67
2
1
7
«Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы «Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
69
2
1