Құжат мәтініне өту

О переименовании некоторых составных частей города Сатпаев Карагандинской области

Қаулы · № 07/01 · қабылданған 06.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-139931/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О переименовании некоторых составных частей города Сатпаев Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 07/01 ·06.02.2020
06.02.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании некоторых составных частей города Сатпаев Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 07/01 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании некоторых составных частей города Сатпаев Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
07/01
Қабылданған күні
06.02.2020
Көрсетілген редакция
06.02.2020 139931_446114.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20K0005719
ЭКБ идентификаторы
139931
Редакция идентификаторы
139931_446114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:06

0 Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласының
кейбір құрамдас бөліктерін
қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы қорытындысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 4 наурыздағы көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы хаттама негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:

№ 8 шағын аудан – Байқоныс шағын ауданы;
№ 4 көше – Кейкі батыр көшесі;
№ 5 көше – Арғанаты көшесі;
№ 6 көше – Кетбұға көшесі;
№ 7 көше – Едіге батыр көшесі;
№ 8 көше – Жұмабек Тәшенов көшесі;
№ 9 көше – Александр Затаевич көшесі;
№ 10 көше – Жамбыл көшесі;
№ 11 көше – Төлек батыр көшесі деп қайта аталсын.

2

2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы