Құжат мәтініне өту

О компенсации вкладов граждан Республики Казахстан

Жарлық · № 1006 · қабылданған 28.12.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13996/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О компенсации вкладов граждан Республики Казахстан Күшін жойған Жарлық ·№ 1006 ·28.12.2002
18.06.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О компенсации вкладов граждан Республики Казахстан

Күшін жойған Жарлық ·№ 1006 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О компенсации вкладов граждан Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1006
Қабылданған күні
28.12.2002
Көрсетілген редакция
18.06.2009 AI13996_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U020001006_
ЭКБ идентификаторы
13996
Редакция идентификаторы
AI13996_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:35

0 Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарының қалдықтарына өтем жасау мақсатында қаулы етемін:

1

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарына өтем жасауды жүргізсін. Өтем жасауға 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтары жатады.

2 2. Өтем жасау КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдар қалдықтары бойынша мемлекеттік ішкі қарызды:

1 1) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1936 жылдан 1940 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі бір жылдық;

2 2) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1941 жылдан бастап 1960 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі екі жылдық;

3 3) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1961 жылдан бастап 1991 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі үш жылдық мемлекеттік арнайы өтемақылық қазынашылық облигацияларға қайта ресімдеу арқылы жүргізілсін.

3 3. Мыналарға:

1 1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкіндегі салымдарына өтем жасау туралы" 1996 жылғы 9 сәуірдегі N 2941 Жарлығына ;

2 2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкінде 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 жасқа жеткен азаматтардың салымдарына өтем жасау туралы" 1996 жылғы 20 мамырдағы N 2988 Жарлығына сәйкес өтем жасалған салымдар өтеуге жатпайды.

4

4. Өтеу сомасын есептеу 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымдардың қалдықтарын кейіннен өтеу сомасын мемлекеттік арнайы өтемақылық қазынашылық облигациялар шығарылған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен есептеп, ескеріп, 1992 жылғы 3 қаңтардағы биржалық бағамен долларлық эквивалентке қайта есептеу арқылы жүргізілсін.

5 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасауға байланысты шығыстарды көздесін.

6 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы