Құжат мәтініне өту

Об установлении порядка определения рыночного курса обмена валют

Қаулы · № 629 · қабылданған 23.12.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14003/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении порядка определения рыночного курса обмена валют Күшін жойған Қаулы ·№ 629 ·23.12.2002
26.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении порядка определения рыночного курса обмена валют

Күшін жойған Қаулы ·№ 629 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении порядка определения рыночного курса обмена валют
Атауы (қаз.)
Об установлении порядка определения рыночного курса обмена валют
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
629
Қабылданған күні
23.12.2002
Көрсетілген редакция
26.01.2009 AI14003_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020002106_
ЭКБ идентификаторы
14003
Редакция идентификаторы
AI14003_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:37

0 Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы

📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министірің 2009.01.28 N 36 Бұйрығымен, ҚР Ұлттық Банкі Басқарамасының 2009.01.26 N 4 Қаулысымен.
"Бухгалтерлік есеп алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 1-тармағының 27-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН/ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтаудың мынадай тәртібі белгіленсін:

1

1) Қазақстан қор биржасының ертеңгілік (негізгі) сессиясында (бұдан әрі - сессия) сауда-саттық өткізілетін (жүргізілген) шетел валюталары бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теңгенің Алматы уақытымен 11 00 сағаттағы жағдай бойынша сессияда қалыптасқан осы валютаға шаққандағы орташа өлшелген биржалық бағамы ретінде анықталады;

2

2) сессияда сауда-саттық өткізілмеген (жүргізілмеген) осы бұйрыққа/қаулыға N 1 қосымшада көрсетілген шетел валютасы бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы "REUTERS" ақпараттық агенттігінің каналдары бойынша алынған сұранысқа баға белгілеуге сәйкес Алматы уақытымен 15 00 сағаттағы жағдай бойынша қалыптасқан АҚШ долларына кроссбағамын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейді.

2 2. Осы бұйрықтың/қаулының 1-тармағында белгіленген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы сессияда сауда-саттық өткізу күнінен кейінгі келесі күн қолданылсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

1 1) осы бұйрықтың/қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

2 2) осы бұйрық/қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықты/қаулыны жарияласын.

4 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде екінші деңгейлі банктердің және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың назарына осы бұйрықты/қаулыны жеткізсін.

5 5. Осы бұйрықтың/қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы Бірінші вице-министрі Б.Б.Жәмішевке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Н.К.Абдулинге жүктелсін.

6 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта

6. Осы бұйрық/қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі                     Ұлттық Банкінің
төрағасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
N 629 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасының
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
N 512 бұйрығына/қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта
айырбастаудың рыноктық бағамын есептейтін ш етел
валюталарының тізбесі
Ескерту: Тізбеге толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 299 бұйрығы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 94 қаулысымен .

1 1. 1 австралия доллары;

2 2. 1 англия фунт стерлингі;

3 3. 1 дат кроны;

4 4. 1 Біріккен Араб Эмиратының дирхамы;

5 5. 1 евро;

6 6. 1 канада доллары;

7 7. 1 қытай юаны;

8 8. 1 кувейт динары;

9 9. 1 қырғыз сомы;

10 10. 1 латвия латы;

11 11. 1 литва литі;

12 12. 1 молдава лейі;

13 13. 1 норвег кронасы;

14 14. 1 Сауд Аравия риялы;

15 15. 1 ресей рублі;

16 16. 1 СДР;

17 17. 1 сингапур доллары;

18 18. 1000 түрік лирасы;

19 19. 1 өзбек сомасы;

20 20. 1 украина гривнасы;

21 21. 1 швед кронасы;

22 22. 1 швейцария франкісі;

23 23. 1 эстон кронасы;

24 24. 100 оңтүстік-корея воны;

25 25. 10 жапон иені;

26 26. 1 беларусь рублі;

27 27. 1 польша злотыйы;

28 28. 1 Оңтүстік Африка ранды.

Қолданыстағы