Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Атырау

Өзге акт · № 478 · қабылданған 28.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140031/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Атырау Күшін жойған 19.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Атырау

Күшін жойған Өзге акт № 478 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Атырау
Атауы (қаз.)
Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
478
Қабылданған күні
28.02.2020
Көрсетілген редакция
19.08.2026 I140031_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TA004601
ЭКБ идентификаторы
140031
Редакция идентификаторы
I140031_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:56
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 19.08.2026 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен сон қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Атырау қаласында орналасқан автотұрақ (паркингтер) санаттары осы шешімінің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Автотұрақ (паркингтер) санаттарына байланысты Атырау қаласындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін алынған жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

2-1. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Атырау қаласы болып айқындалсын.

📌 Ескерту. Шешім 2-1-тармақпен толықтырылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 309 «Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелген, 2019 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Атырау қаласы Мәслихатының инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Атырау қаласы Мәслихатының
2020 жылғы 28 ақпаны № 478
шешіміне 1 қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
📌 Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18.02.2021 № 20 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері
Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты
Атырау қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Автотұрақтар (паркингтер) санаты
1
Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
І санат
2
Айып автотұрақтары
Автокөлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
І санат
3
Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын тұрақтар
Аз қозғалатын топтардың автокөлік құралдарын және велотранспортты
сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
І санат
4
Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
ІІ санат
5
Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), автотұрақтар орындары
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақылы негізде сақтау
Автотұрақтары (паркингтері) бар ғимараттарды, құрылыстарды пайдалану және қызмет көрсету үшін
ІІ санат
6
Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)
Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау
Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
ІІ санат
7
Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін
ІІІ санат

8 Автотұрақтарға (паркингтерге) арналған жерлер үшін салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаю мөлшері

Атырау қаласы
Мәслихатының 2020 жылғы
28 ақпаны № 478 шешіміне
2 қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) арналған жерлер үшін салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаю мөлшері

Автотұрақ (паркинг) санаты
Салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаюы (есе)
1
І санат
1
2
ІІ санат
5
3
ІІІ санат
10