Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата

Қаулы · № 64 · қабылданған 04.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140063/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата Қолданыста Қаулы ·№ 64 ·04.03.2020
04.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата

Қолданыста Қаулы ·№ 64 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
04.03.2020
Көрсетілген редакция
04.03.2020 140063_446967.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0006750
ЭКБ идентификаторы
140063
Редакция идентификаторы
140063_446967
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:48

0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының

күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

2020 жылғы
4 наурызы № 64
Әкімдік қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

1

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 11 тамыздағы «Дидар» және 2015 жылғы 10 тамыздағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысы.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 15 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4890 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2017 жылғы 11 наурыздағы «Дидар» және 2017 жылғы 11 наурыздағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысы.

3

3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 146 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5645 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2018 жылғы 10 шілдедегі «Дидар» және 2018 жылғы 10 шілдедегі «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).

Қолданыстағы