О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 20.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 140068_447283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0006749
- ЭКБ идентификаторы
- 140068
- Редакция идентификаторы
- 140068_447283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:58
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
2020 жылғы 20 ақпаны
№ 40
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әқімдігінің
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 25 және 27 тамызда «Дидар», 2015 жылғы 26 және 28 тамызда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған);
2
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 119 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4535 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 27 мамырда «Дидар», 2016 жылғы 28 мамырда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған);
3
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 245 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2016 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған);
4
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 297 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5280 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2017 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған);
5
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 351 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған);
6
6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 362 «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2019 жылғы 26 қазанда жарияланған).