О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 06
- Қабылданған күні
- 24.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2020 140071_446965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KMW05720
- ЭКБ идентификаторы
- 140071
- Редакция идентификаторы
- 140071_446965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:56
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ірі қара малдарының арасынан инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылында орналасқан «Тілек» шаруа қожалығының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 03 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5653 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 қаңтардағы № 3 (11750) «Қарқаралы» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 09 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Ж. Копжасаров
2020 жыл 24 ақпан