Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Исатайского района Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Исатайского района Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы Исатай ауданының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 20.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 140103_447194.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20TD004603
- ЭКБ идентификаторы
- 140103
- Редакция идентификаторы
- 140103_447194
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:58
0 Атырау облысы Исатай ауданының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін корғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес су объектілерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін пайдалану мақсатында Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау облысы Исатай ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Е. Абилхасимовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы Исатай ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары
Исатай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 20 ақпаны № 12
қаулысына қосымша
Атырау облысы Исатай ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары
1 1. Исатай ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі Бақсай, Нарын, Сборный-Саржігіт каналдарының учаскелері:
1 1) Бақсай каналы Қамысқала ауылдық округінің солтүстік шығысындағы Үш көпір учаскесінен бастап N47°24ʹ59.53°С, E51°24ʹ39.94°В координаттарымен Қамысқала ауылдық округінің оңтүстік батысындағы Шопан учаскесіне дейінгі N47°19ʹ37.28°С, E51°9ʹ8.79°В координаттарымен ұзындығы 26 786 метр;
2 2) Бақсай каналы Тұщықұдық ауылдық округінің оңтүстік шығысындағы Ақкөл учаскесінен бастап N47°18ʹ37.96°С, E51°9ʹ9.82°В координаттарымен Тұщықұдық ауылдық округінің оңтүстік батысындағы Тұщықұдық ауылының шекарасынадейінгі N47°14ʹ39.55°С, E51°3ʹ45.50°В координаттарымен ұзындығы 14 461 метр;
3 3) Нарын каналы Қамысқала ауылдық округінің солтүстік шығысындағы Тасоба учаскесінен бастап N47°31ʹ39.53°С, E51°12ʹ44.85°В координаттарымен Қамысқала ауылдық округінің солтүстік батысындағы Қызыл көпір учаскесіне дейінгі N47°27ʹ18.10°С, E51°5ʹ47.58°В координаттарымен ұзындығы 19 476 метр;
4
4) Нарын каналы Тұщықұдық ауылдық округінің солтүстік шығысындағы Қызыл көпір учаскесінен бастап N47°19ʹ21.84°С, E51°2ʹ26.92°В координаттарымен Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылының солтүстік шығысындағы Қаратүбек учаскесіне дейінгі N47°13ʹ48.89°С, E51°1ʹ37.95°В координаттарымен ұзындығы 15 781 метр;
5 5) Нарын каналы Аққыстау ауылдық округі, Аққыстау ауылының солтүстік шығысындағы Қаратүбек учаскесінен бастап N47°13ʹ48.89°С, E51°1ʹ37.95°В координаттарымен, Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылының оңтүстік батысына дейінгі N47°1ʹ20.62°С, E51°46ʹ49.23°В координаттарымен ұзындығы 31 250 метр;
6 6) Нарын каналы Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылының оңтүстік батысынан бастап N47°1ʹ18.60°С, E51°46ʹ31.35°В координаттарымен Жанбай ауылдық округі, Қызтуған учаскесінің солтүстік батыс соңғы нүктесіне дейінгі N47°4ʹ2.93°С, E50°35ʹ57.15°В координаттарымен ұзындығы 20 854 метр;
7
7) Жасқайрат каналы Қамысқала ауылдық округі, Жасқайрат елді мекенінің солтүстік шығысындағы Сборный-Саржігіт каналынан бөлініп шыққан тармағынан бастап N47°42ʹ22.11°С, E51°6ʹ40.63°В координаттарымен Сборный-Саржігіт каналының солтүстік батысындағы канал тұйықталғанға дейінгі N47°41ʹ41.69°С, E51°3ʹ12.41°В координаттарымен ұзындығы 4600 метр;