Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Карасайского района

Өзге акт · № 52-3 · қабылданған 03.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140154/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Карасайского района Қолданыста Өзге акт ·№ 52-3 ·03.03.2020
03.03.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Карасайского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 52-3 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Карасайского района
Атауы (қаз.)
Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52-3
Қабылданған күні
03.03.2020
Көрсетілген редакция
03.03.2020 140154_447517.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DK005437
ЭКБ идентификаторы
140154
Редакция идентификаторы
140154_447517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:49

0

Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету
тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қарасай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы 07 тамыздағы № 45-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3388 тіркелген, 2015 жылдың 22 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» 2015 жылғы 07 тамыздағы № 45-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3391 тіркелген, 2015 жылдың 23 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл және спорт жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 52-3

шешіміне қосымша
Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету
тәртібі және мөлшері

8

1

1. Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – «Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

11

3 3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынған тізімдерін ауылдық округтер әкімдіктерінің бекітуі арқылы өтініш талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті орган ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.

14

5 5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

16

6 6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

1 1) алушы қайтыс болғанда;

2 2) алушы Қарасай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Қолданыстағы