Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Алматы

Қаулы · № 1/61 · қабылданған 06.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140160/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 1/61 ·06.03.2020
06.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 1/61 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/61
Қабылданған күні
06.03.2020
Көрсетілген редакция
06.03.2020 140160_447708.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20R0001611
ЭКБ идентификаторы
140160
Редакция идентификаторы
140160_447708
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:46

0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына

өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:

1

1) Алматы қаласы әкімдігінің «Есептеу аспаптары жоқ Алматы қаласының тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау, ыстық сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 5 қарашадағы № 4/611 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1230 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған):
аталған қаулының 1 қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын;

2

2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 3 маусымдағы № 2/253 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1297 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған):
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
аталған қаулының қосымшасындағы:
Алматы қаласы бойынша тауарлық газды тұтыну нормаларындағы:
реттік нөмірі 4 жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
«
44.
Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтер бойынша) жылыту:
- жылыту жүйелерінің бірінші тобы – жылыту пештері
- жылыту жүйелерінің екінші тобы – жылыту аппараттары мен түрлі типтегі қазандар
Бір айда бір шаршы метрге шаққанда текше метр
6.7
6
»;
Алматы қаласы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 4 жолмен толықтырылсын:
«
44.
Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтер бойынша) жылыту
Бір айда бір шаршы метрге шаққанда килограмм
3,57
»;

2

2. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Т. Қожағапановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Есептеу аспаптары жоқ Алматы қаласының тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары

Алматы қаласы әкімдігінің
2020 жылғы « » _______
№ қаулысына
қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 5 қарашадағы
№ 4/611 қаулысына
1 қосымша
Есептеу аспаптары жоқ Алматы қаласының тұтынушылары үшін жылумен
жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары
Көр­сет­кіш­тер
Өл­шем бір­лі­гі
Ай­лар
Жы­лы­ту ке­зе­ңі бой­ын­ша бар­лы­ғы
Жы­лы­ту­ға жұм­са­ла­тын жы­лу энер­ги­я­сын тұ­ты­ну нор­ма­сы
қаң­тар
ақ­пан
на­урыз
сәу­ір*
қа­зан*
қа­ра­ша
жел­тоқ­сан
Гкал/м2
0,03489
0,02952
0,02357
0,00466
0,00478
0,02381
0,03177
0,153
*- сәуір және қазан айларында жылытуға арналған жылу энергиясының шығыс нормалары жылыту жүйелері жұмысының нақты сағаттарына және осы уақыт кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты орташа температурасына түзетіледі.

Қолданыстағы