Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54/336-VI
- Қабылданған күні
- 27.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2023 140221_672960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UF005483
- ЭКБ идентификаторы
- 140221
- Редакция идентификаторы
- 140221_672960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:53
0 Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
Қазығұрт аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 ақпандағы
№ 54/336-VI шешімімен бекітілген
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қазығұрт ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – «Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі.
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
2- тарау. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi
6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, бір рет 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясандағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;
Социалистік Еңбек Ерлеріне бер рет, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне;Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге бір рет, 435 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға бір рет, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне бір рет, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға бір рет, 10,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Мерзімді басылымдарға жазылу үшін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, бір рет 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 6 шілде – Астана күні:
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған мүгедектігі бар балаларға, бір рет 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 1 қазан – Қарттар күні:
үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттарға, бір рет 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға, бір рет 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, бір рет 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) ай сайын көрсетіледі:
1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға, ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған балалары бар отбасыларға, сондай-ақ АИТВ инфекциясы анадан балаға немесе баладан анаға жұққан отбасыларға, зиянды өтеуге, ай сайын, ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң екі есе мөлшерiнде;
3) туберкулез аурумен ауратын адамдарға, амбулаториялық емдеу кезеңінде, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қазығұрт аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұсынған тізім бойынша, ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) өмiрлiк қиын жағдайға ұшыраған аз қамтамасыз етілген, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (адамдарға), бір рет, ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерінде;
5) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін мүгедектігі бар адамдарға – бір рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға, сондай–ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға бір рет, шипажайлық-курорттық емделуге жолдама түрінде.
8. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде:
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, табысы есепке алмай, отбасына, бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болғанға, табысты есепке алмай, бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
10. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қазығұрт ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
12. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
13. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
3-тарау. Қорытынды ереже
14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
46 Өтiнiшберушiнiңотбасықұрамытуралымәлiметтер
Әлеуметтiк көмеккөрсетудiң,
оныңмөлшерлерiн белгiлеудiң
жәнемұқтажазаматтардың
жекелегенсанаттарының
тiзбесiн айқындаудың Қағидаларына
1-қосымша
Өтiнiшберушiнiңотбасықұрамытуралымәлiметтер
47 Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініш
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың Қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініш
_____________________________________
(елді мекен, аудан, облыс) уәкілетті органға
Өтініш
Тегі ________________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________
туған күні 20 ___ жылғы «___» ________________
статусы: ____________________________________________________________________
үйінің мекенжайы: _______________________________________________________________
телефоны _______________________________________________________________________
Сізден ________________________ санаты бойынша __________________________________
(төлем түрі) санаты
көрсетуді сұраймын.
Менің (отбасымның) табыстарымды (табыстарын) Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпарат жүйесінің
деректерімен салыстырып тексеруге келісемін.
Жүгінген күн 20___ жылғы «___» _____________
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
48 Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың үлгілік
қағидаларына
3-қосымша
Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20 жылғы " " _________________________________________________________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________
_______________________________________________________________________
2. Тұратын мекен жайы ___________________________________________________
_______________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын
жағдай _________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
Р/с№
Тегі, аты, әкесініңаты(бар болса)
Туған күні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны)
Жұмыспен қамтылмау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірдегі қиын
жағдай
1
2
3
4
5
6
7
8
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында
Ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
ОтбасындаҰлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген
адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80
жастан асқан қарта дамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің,
мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзгесанатты қосу қажет)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын
үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
______________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_______ _______________________________________________________________
______________________________________________________________________.
Отбасының табысы:
Р/с №
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
1
2
3
4
5
6
6. Мыналардың:
Автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан
түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
Қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан
түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________
______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі:
______________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
______________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ____________________________________________________
Комиссия мүшелері: ___________________________________________________
___________________________ __________________________________________
___________________________ __________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесініңаты)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
________________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан __________________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және
қолы
________________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______
49 Учаскелiк комиссияның №_______ қорытындысы 20 _____ ж. _____ _______
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың Қағидаларына
4-қосымша
Учаскелiк комиссияның №_______ қорытындысы 20 _____ ж. _____ _______
Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындауҚағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын
жағдайдың туындауына байланыстыәлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның
(отбасының)
__________________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң
негiзiнде___________________________________________________________________
(қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiккөмек ұсыну
туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: ___________________ ________________________
Комиссия мүшелерi: ___________________ ________________________
___________________ ________________________
___________________ ________________________
___________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ____ данада20__ж. "__" _______________
қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған ауылдық округ әкiмiнiң немесе уәкiлеттiорган қызметкерiнiң
________________ __________________________
(қолы) Т.А.Ә. лауазымы.
50 Қазығұрт аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
Қазығұрт аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
«__» ақпандағы №_____
шешіміне қосымша
Қазығұрт аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №6/21-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларсын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3816 тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2016 жылы 16 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған);
2) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы №17/103-VI «Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 6/21-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген, 2017 жылғы 28 шілдеде «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2017 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған);
3) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №27/175-VI «Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі №6/21-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4549 тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірде «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2018 жылы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған);
4) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 сәуірдегі №43/276-VI «Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 6/21-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4979 тіркелген, 2019 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған).