Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-3/149
- Қабылданған күні
- 13.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2021 140276_513215.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BN007727
- ЭКБ идентификаторы
- 140276
- Редакция идентификаторы
- 140276_513215
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:41
0 Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданы Ақкөл, Қонысбай, Күсеп ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 28,88 гектар «ANT Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан қырық сегіз (48) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «ANT Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Әленовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
Зеренді ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «__»_______
№__________________
қаулысына қосымша
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№
Жер учаскесінің орналасқан жері
Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар
Жер санаты
1
Ақкөл ауылдық округінің әкімшілік шекараларында
9,58
Темір жол көлігінің жері
2
Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында
4,6
Темір жол көлігінің жері
3
Күсеп ауылдық округінің әкімшілік шекараларында
14,7
Темір жол көлігінің жері
Барлығы
28,88