Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки

Қаулы · № 57 · қабылданған 13.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140309/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки Күшін жойған Қаулы ·№ 57 ·13.03.2020
13.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки

Күшін жойған Қаулы ·№ 57 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки
Атауы (қаз.)
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
57
Қабылданған күні
13.03.2020
Көрсетілген редакция
13.06.2024 140309_712616.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20S0006094
ЭКБ идентификаторы
140309
Редакция идентификаторы
140309_712616
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:41

0 Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-7) тармақшасына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелді) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

2

2. «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 101 қаулысының (2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы «13» наурыздағы
№ 57 қаулысына қосымша
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы
Тереңдете өңделетін өнімдер атауы
Шикізатқа қайта есептегендегі субсидиялар нормативтері,
теңге / килограмм
Шикі сүт
Сары май
39,3
Шикі сүт
Қатты ірімшік
14,0
Шикі сүт
Құрғақ сүт
(қаймағы алынбаған, майсыздандырылған)
11,2

Қолданыстағы