Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 46 · қабылданған 10.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140337/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 46 ·10.03.2020
10.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 46 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
46
Қабылданған күні
10.03.2020
Көрсетілген редакция
10.03.2020 140337_448369.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CE006867
ЭКБ идентификаторы
140337
Редакция идентификаторы
140337_448369
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:45

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау жүргізу үшін, Ырғыз ауданының «Карачулак – Кировский» учаскесінде орналасқан жалпы көлемі 4283,1 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2024 жылдың 7 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы