Құжат мәтініне өту

О создании государственного природного заказника местного значения «Уил»

Қаулы · № 96 · қабылданған 10.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140342/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О создании государственного природного заказника местного значения «Уил» Қолданыста Қаулы ·№ 96 ·10.03.2020
10.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного природного заказника местного значения «Уил»

Қолданыста Қаулы ·№ 96 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного природного заказника местного значения «Уил»
Атауы (қаз.)
Жергілікті маңызы бар «Ойыл» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
96
Қабылданған күні
10.03.2020
Көрсетілген редакция
10.03.2020 140342_448414.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20C0006869
ЭКБ идентификаторы
140342
Редакция идентификаторы
140342_448414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:45

0 Жергілікті маңызы бар «Ойыл» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағында жергілікті маңызы бар, жалпы алаңы 63 468 (алпыс үш мың төрт жүз алпыс сегіз) гектар «Ойыл» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі – Қаумал) құрылсын.

2 2. Қаумал «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекетті мекемесінің «Ойыл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.

3 3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті

Қолданыстағы