О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 101
- Қабылданған күні
- 12.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2020 140346_448423.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20C0006872
- ЭКБ идентификаторы
- 140346
- Редакция идентификаторы
- 140346_448423
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:41
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір
қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы
№ 101
қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 278 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4495 тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).
2
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 436 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 143 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 436 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4907 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 285 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5023 тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5
5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 332 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 436 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5059 тіркелген, 2016 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6
6. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 146 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 278 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5539 тіркелген, 2017 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).
7
7. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 297 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 436 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5654 тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).
8
8. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 377 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 278 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5693 тіркелген, 2017 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).
9
9. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 120 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 278 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5903 тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).