Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на перевозку грузов в сфере железнодорожного транспорта»

Бұйрық · № 130 · қабылданған 12.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140387/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на перевозку грузов в сфере железнодорожного транспорта» Қолданыста Бұйрық ·№ 130 ·12.03.2020
01.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на перевозку грузов в сфере железнодорожного транспорта»

Қолданыста Бұйрық ·№ 130 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на перевозку грузов в сфере железнодорожного транспорта»
Атауы (қаз.)
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
130
Қабылданған күні
12.03.2020
Көрсетілген редакция
01.10.2024 140387_721550.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020140
ЭКБ идентификаторы
140387
Редакция идентификаторы
140387_721550
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:41

0 «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

2020 жылғы 12 наурызы
№ 130 бұйрығымен
бекітілген
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3 3. «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – лицензия) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2 2- тарау. «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4 4. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

1 1) мынадай өтініштердің біреуін жолдайды:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЖТ өтініші);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші);

2

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны бойынша мәліметтерді толтырады (бұдан әрі – біліктілік талаптар).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші және (немесе) лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтінішінде көрсетілетін жағдайларда жүзеге асырылады.

5 5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтердің тіркеуін, олар келіп түскен күні жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

6

6. Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, лицензия туралы мәліметтерді, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы растауды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

7 7. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

8

8. Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия ресімдеу немесе лицензияны қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

10

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметті қамтитын ақпараттық жүйесі істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтінішке берілген әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, қателіктің нақты атауын көрсете отырып, қателіктің туындау сәтіне дейін авторландыру сәтінен бастап қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті ұсынумен sd@nitec.kz электрондық пошта бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12 12. Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

1 Заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші

«Теміржол көлігі саласында
жүктерді тасымалдауға лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –
шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________
(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше
атауы, үйлер / ғимараттар нөмірі (стационарлық үй-жайлар)
Электрондық пошта__________________________________________________________
Телефондары _______________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы)_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені), өше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
________________________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

2 Жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші

«Теміржол көлігі саласында
жүктерді тасымалдауға лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші
___________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта__________________________________________________________
Телефондары _______________________________________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы______________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
Жеке тұлға__________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы «___» ___________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

3 Лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші ______________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

«Теміржол көлігі саласында
жүктерді тасымалдауға лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші
______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу)
20___ жылғы «___» ___________ № ____________,
_____________________________________________________________________ берілген,
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
Жүзеге асыруға__________________________________________
(қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық
атауы)
(тиісті торкөзде көрсетіңіз Х):

1 1) заңды тұлға-лицензиатты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті торкөзде х көрсетіңіз) жолымен қайта ұйымдастыру): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____

2 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруі (лицензияда мекенжайын көрсеткен кезде)

3 3) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі

4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

5 5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі

Заңды тұлғаның мекенжайы___________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)______
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
_____________ ________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

4 Лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші

«Теміржол көлігі саласында
жүктерді тасымалдауға лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші
___________________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
___________________________________________________________________________________
жүзеге асыруға
20___ жылғы « ___ » ______________ № __________________, _____________________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны
берген лицензиардың атауы) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1 1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгеруі _______

2 2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

3 3) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

5 5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы_____________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.
Жеке тұлға ____________ _______________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

5 «Теміржол көлігі саласында

жүктерді тасымалдауға лицензия
беру» мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 5-қосымша
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы «Те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия бе­ру»
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
1) Те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия бе­ру;
2) Те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу.
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі­нің Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
2 (екі) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ЭЦҚ қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да­ғы жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу не осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сін­де­гі 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Ли­цен­зи­я­лық алым «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де (Са­лық ко­дек­сі) бел­гі­лен­ген алым мөл­шер­ле­ме­сі бой­ын­ша жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке тө­ле­не­ді:
1) ли­цен­зия бе­ру үшін – алым тө­лен­ген кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы ал­ты есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де алым мөл­шер­ле­ме­сі­нің 10 % - ы.
Бюд­жет­ке тір­кеу алы­мы­ның со­ма­сын тө­леу қол­ма – қол­ма-қол емес ны­сан­да ЭҮТШ ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Ли­цен­зия алу үшін:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зия алу үшін ЗТ өті­ні­ші неме­се ли­цен­зия алу үшін ЖТ өті­ні­ші;
2) бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес мә­лі­мет­тер. Ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ЗТ өті­ні­ші неме­се ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ЖТ өті­ні­ші.
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­ні ту­ра­лы рас­та­уды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат жүй­е­ле­рі­нен ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да субъ­ек­ті­лер­дің (же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың) осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­нуы;
2) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­се;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған­да;
5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­мы негі­зін­де сот көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ли­цен­зия алу­ға уа­қыт­ша тый­ым сал­ған жағ­дай­лар­да, ли­цен­зия бе­ру­ден бас тар­та­ды;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz алу мүм­кін­ді­гі бар ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лім­де Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті де­ген бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның анық­та­ма қыз­ме­ті­нен 1414 неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz алу мүм­кін­ді­гі бар ин­тер­нет-ре­сур­сы­нан «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лім­де Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті де­ген бө­лім­де.

Қолданыстағы