О введении запрета на вывоз отдельных товаров с территории Республики Казахстан в третьи страны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении запрета на вывоз отдельных товаров с территории Республики Казахстан в третьи страны
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды үшінші елдерге шығаруға тыйым салу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 22.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2020 140471_451303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020157
- ЭКБ идентификаторы
- 140471
- Редакция идентификаторы
- 140471_451303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:30
0 Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды үшінші елдерге шығаруға тыйым салу туралы
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды үшінші елдерге шығаруға тыйым салынсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тауарлардың экспортына арналған рұқсатнамалардың, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттардың қолданылуын және оларды беруді тоқтата тұрсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
0 Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге шығаруға тыйым салынатын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 22 наурызы
№ 103
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге шығаруға тыйым салынатын тауарлардың тізбесі
Тауар атауы*
ЕАЭО СЭҚ ТН коды**
Қарақұмық
1008 1000 09
Бидай немесе қара бидай ұны
1101 00
Ақ қант
1701 99
Картоп
0701
Сәбіз, шалқан, қызылша
0706
Басты пияз
0703 10
Ақ қауданды қырыққабат
0704 90 1000
Күнбағыс тұқымы, уатылған және уатылмаған
1206
Күнбағыс майы
1512 11 910
Ескертпе:
* Кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атауы пайдалануға қолайлы болу үшін келтірілген.
**ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.
__________________