Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 18.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2021 140597_528064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VH006818
- ЭКБ идентификаторы
- 140597
- Редакция идентификаторы
- 140597_528064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:36
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурызда № 79 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 27 наурызда № 5804 тіркелген, 2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
2020 жылғы 18 наурызы
№ 73
Әкімдігінің қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
№
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы
Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам)
Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Шығыстүстімет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені
1771
0.2
4
2
Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналдық шаруашылық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
38
6
2
3
«Лазарев и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
128
1
1
4
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» Республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы
160
3
5
5
«Алмакос» шаруа қожалығы
39
3
1
6
«Красный Партизан» шаруа қожалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
57
2
1