Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 72 · қабылданған 18.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140602/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 72 ·18.03.2020
10.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 72 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72
Қабылданған күні
18.03.2020
Көрсетілген редакция
10.11.2023 140602_680148.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VH006817
ЭКБ идентификаторы
140602
Редакция идентификаторы
140602_680148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:36

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабының 6) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. «Бородулиха ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурызда № 80 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 27 наурызда № 5805 тіркелген, 2019 жылғы 3 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

2020 жылғы 18 наурызы
№ 72
Әкімдігінің қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Ұйым жұмыскерлерінің тізімдік саны
Жұмыс орындары квотасының мөлщері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден жоғары
4

Қолданыстағы