О переименовании некоторых населенных пунктов Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых населенных пунктов Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33-10
- Қабылданған күні
- 18.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2020 140630_450032.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20Z0006098
- ЭКБ идентификаторы
- 140630
- Редакция идентификаторы
- 140630_450032
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:35
0 Батыс Қазақстан облысының
кейбір елді мекендерін
қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері:
Бәйтерек ауданы бойынша:
Макаров ауылдық округінің Факел ауылы – Жалын ауылы;
Переметный ауылдық округінің Озерный ауылы – Болашақ ауылы;
Егіндібұлақ ауылдық округінің Чесноков ауылы – Алмалы ауылы;
Көшім ауылдық округінің Владимировка ауылы – Ақсу ауылы;
Раздольный ауылдық округінің Красный Свет ауылы – Ақбидай ауылы;
Бөрлі ауданы бойынша:
Александров ауылдық округі – Достық ауылдық округі;
Александров ауылдық округінің Александров ауылы – Достық ауылы;
Қарақұдық ауылдық округінің Тихонов ауылы – Қарақұдық ауылы;
Қарағанды ауылдық округінің Киров ауылы – Қарағанды ауылы;
Теректі ауданы бойынша:
Ақжайық ауылдық округінің Подхоз ауылы – Ыждағат ауылы;
Федоровка ауылдық округінің Донецк ауылы – Тақсай ауылы;
Шаған ауылдық округінің Социализм ауылы – Кемер ауылы;
Шаған ауылдық округінің Жаңа Өмір ауылының орыс тіліндегі «Новая Жизнь» атауы – «Жана Омир» ауылы деп қайта аталсын.