О признании утратившими силу некоторых решений Степногорского городского маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Степногорского городского маслихата
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С-49/5
- Қабылданған күні
- 27.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 140681_450018.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BB007755
- ЭКБ идентификаторы
- 140681
- Редакция идентификаторы
- 140681_450018
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:27
0 Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4703 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімі;
Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6С-2/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5296 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімі.
2 2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласының әкімдігі