О переименовании улиц и микрорайона города Есиль Есильского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц и микрорайона города Есиль Есильского района
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауданының Есіл қаласының көшелерін және шағын ауданын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-3/146
- Қабылданған күні
- 17.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2020 140686_450094.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BK007760
- ЭКБ идентификаторы
- 140686
- Редакция идентификаторы
- 140686_450094
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:37
0 Есіл ауданының Есіл қаласының көшелерін және шағын ауданын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қортындысы негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Есіл ауданының Есіл қаласының көшелері және шағын ауданы қайта аталсын:
СПТУ-6, Пивзавод, ПЛ-7 және Подстанция көшелері Жастар шағын ауданына;
Дистанционная және Тупиковая көшелері Әйтеке би көшесіне;
Нефтебаза көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне;
Зеленая және ДСУ 446 көшелері Ақан сері көшесіне;
Мичурин көшесі Төле би көшесіне;
Бейбітшілік көшесі Қазыбек би көшесіне;
Энергетиков көшесі Абылай хан көшесіне;
Московская және Щорс көшелері Ишхан Сарибекян көшесіне;
Фрунзе көшесі Амангелді Иманов көшесіне;
Ростовская және АТК көшелері Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Мирный шағын ауданы Бейбітшілік шағын ауданына.