Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области

Қаулы · № 107 · қабылданған 19.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140705/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области Қолданыста Қаулы ·№ 107 ·19.03.2020
19.03.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 107 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
19.03.2020
Көрсетілген редакция
19.03.2020 140705_450053.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20C0006912
ЭКБ идентификаторы
140705
Редакция идентификаторы
140705_450053
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:32

0 Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір

қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1

1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 273 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4488 тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 тіркелген, 2018 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

2 2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы