О некоторых вопросах транспортных средств отечественного производства, доступных для населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах транспортных средств отечественного производства, доступных для населения
- Атауы (қаз.)
- Отандық өндірістің тұрғындар үшін қолжетімді көлік құралдарының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 27.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 140761_450354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000148
- ЭКБ идентификаторы
- 140761
- Редакция идентификаторы
- 140761_450354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:26
0 Отандық өндірістің тұрғындар үшін қолжетімді көлік құралдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының аумағында отандық дайындаушы-зауыт шығаратын Chevrolet Damas (Labo) маркалы M1 және N1 санатты көлік құралдары (бұдан әрі – көлік құралдары) типті мақұлдау нысанында сәйкестікті бағалаудан өтіп, көрсетілген көлік құралдарын дайындаушы кейіннен көлік құралының типін мақұлдауды алады. Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011)
2-қосымшада көзделген талаптарға қатысты дәлелдемелік материалдар ретінде осы қаулыға қосымшаға сәйкес көлік құралдарының сәйкестігін растау мақсатында дайындаушы-зауыттың өз сынақтары негізінде ресімделген 3д, 4д, 6д немесе 7д схемалары бойынша сәйкестік туралы декларациялар ұсынылады.
2 2. Көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналысқа шығарылуға, өткізілуге және мемлекеттік тіркелуге тиіс және такси мен қоғамдық көлік ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
3 3. Көлік құралының типін мақұлдаудың «Қосымша ақпарат» деген жолында мынадай жазу келтіріледі: «Осы көлік құралының типін мақұлдау Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылады».
Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің «ерекше белгілер» деген бағанында мынадай жазу келтіріледі: «Көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналысқа шығарылуға, өткізілуге және мемлекеттік тіркелуге тиіс және такси мен қоғамдық көлік ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді».
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Типті мақұлдау нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу мақсатында Chevrolet Damas (Labo) маркалы M1 және N1 санатты көлік құралдарын отандық дайындаушы-зауыт растайтын қауіпсіздік талаптарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Типті мақұлдау нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу мақсатында Chevrolet Damas (Labo) маркалы M1 және N1 санатты көлік құралдарын отандық дайындаушы-зауыт растайтын қауіпсіздік талаптарының
тізбесі