Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и о повышении базовых ставок земельного налога Щербактинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и о повышении базовых ставок земельного налога Щербактинского района
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 237/71
- Қабылданған күні
- 13.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.12.2022 140821_604784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PM006783
- ЭКБ идентификаторы
- 140821
- Редакция идентификаторы
- 140821_604784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:39
0 Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 маусымдағы «Шарбақты ауданының аумағын аймақтарға бөлу жобасын (сұлбасын) бекіту туралы» № 218/61 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4608 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Трибуна», «Маралды» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихаттың бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Шарбақты аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
13 наурыздағы № 237/71
шешіміне 1- қосымша
Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
7 Шарбақты ауданының жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру
Шарбақты аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
13 наурыздағы № 237/71
шешіміне 2-қосымша
Шарбақты ауданының жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру
Жерлердің орналасу аймақтары
Арттыру пайызы
Александровка ауылдық округі
1
+50%
2
+50%
Галкино ауылдық округі
1
+50%
2
+50%
Жылы-Бұлақ ауылдық округі
1
+50%
2
+50%
Орловка ауылдық округі
1
+50%
2
+50%
Сосновка ауылдық округі
1
+50%
2
+50%
Шалдай ауылдық округі
1
+50%
2
+50%
Шарбақты ауылдық округі
1
+50%
2
+50%