Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Каракиянскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Каракиянскому району
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38/393
- Қабылданған күні
- 13.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2021 140833_544766.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MD004161
- ЭКБ идентификаторы
- 140833
- Редакция идентификаторы
- 140833_544766
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:40
0 Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20 - 1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 1 тамыздағы №32/327 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3973 болып тіркелген, 2019 жылы 16 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Қуандық) жүктелсін.
4. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Қарақия аудандық мәслихатының
2020 жылғы 13 наурыздағы
№ 38/393 шешіміне қосымша
Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері
1 м 3
1429,63 теңге
Жеке тұлғалар
1 адам/айына
213,26 теңге
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС – қосылған құн салығы