Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 233 · қабылданған 18.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140863/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 233 ·18.03.2020
18.03.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 233 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
233
Қабылданған күні
18.03.2020
Көрсетілген редакция
18.03.2020 140863_457040.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020205
ЭКБ идентификаторы
140863
Редакция идентификаторы
140863_457040
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:35

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1

1) «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 қазанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1. Басқа облыстың тұрғыны болып табылатын адамды соттаған жағдайда ҚАЖ комитетімен алдын ала келісіп ол әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын туыстары тұратын облыстағы немесе бұрынғы не босатылғаннан кейін болжамды тұрғылықты жеріндегі тиісті мекемеде орын болған жағдайда жіберіледі.
Тергеу изоляторы соттың үкімі шыққанан кейін үш жұмыс күні ішінде сотталғаннан әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамдарды, олардың тұратын жерлерін көрсетумен еркін нысанда қолхат алады және ҚАЖ комитетіне жолдайды.».

2

2) «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15332 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне 2017 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 88-бабының 4-1 - бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотталғанның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары мен туыстары (бұдан әрі - туыстары) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 1-бабына сәйкес айқындалады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтінішті «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес ҚАЖ комитеті қарайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

1 1) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

2 2) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
2020 жылғы « » ________

Қолданыстағы